Дәйекті де болжамды сыртқы саясат

ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин АҚШ-тың Төтенше және өкілетті елшісін қабылдады

Кеше, 11 қыркүйекте Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфаксті қабылдады.
Астана қаласы12 Қыркүйек , 10:18

Мемлекеттік хатшы АҚШ Елшісін Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының табысты аяқталуымен және Халықаралық энергетика агенттігі атқарушы директорының орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Құрама Штаттар арасында көп жоспарлы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін және екі мемлекет көшбасшылары деңгейінде достық қарым-қатынастар мен байланыстардың бар екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысында К.Фэйрфакс саяси және экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету, Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарын одан әрі институционалдандыру жөніндегі бірлескен жұмыс нәтижелеріне қанағаттанушылық білдірді.  




Яндекс.Метрика