Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

ДНЕФ сарапшыларының ұсыныстары Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында ескеріледі – Е.Орынбаев

Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумында (ДНЕФ) айтылған сарапшылардың пікірі Үкімет әзірлеп жатқан Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында ескеріледі, деді бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев.
Казахстан11 Қыркүйек , 20:46

«Форумда талқыланған ұсыныстар және Мемлекет Басшысы Үкіметке берген тапсырмалардың барлығы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында ескерілетінін атап өткім келеді», – деді Е.Орынбаев.

Ол форумның сәтті өткенін және «Үлкен Еуразия» құруға қатысты маңызды мәселелер талқыланғанын атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта Еуразиялық континеттің саяси картасы өтпелі кезеңді бастан кешіруде. Еуропалық және азиялық ықпалдастық дамып жатқан шақта осы өңірде ықпалдастық процестерді тереңдету және кеңейту мәселелерінің өзектілігі де артуда.

Қазақстан осы үлкен экономикалық екі одақтың ортасында тұр. Қазақстан көш бастап тұрған Орта Азияның көпірі арқылы Еуразия қалай ықпалдасады деген секілді мәселелер талқыланды», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Ол, сондай-ақ, көлік дәліздерін құрудан өзге стратегиялық бағыттардың ауқымды шоғырын қамтитын халықаралық ынтымақтастықты қарастыру ұзақ мерзімді келешекте кеңейеді деп күтуде.

Еске сала кетсек, Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы 10 қыркүйекте Астанада өтті. Мұндай форум Қазақстанда және посткеңестік кеңістікте бірінші рет өткізіліп отыр. Аталған форумға Америка, Еуропа, Азия, Латын Америкасы, Африка, сондай-ақ ТМД елдерінен келген 200-ден астам сарапшы қатысты.

Форумға қатысушылар қатарында қазіргі және бұрынғы саяси қайраткерлер, халықаралық беделді сарапшылар, бизнес өкілдері, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Азия даму банкі, БҰҰ, Еуропалық комиссия, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Жапонияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігі сынды халықаралық ұйымдардың жетекшілері бар 




Яндекс.Метрика