Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Конституция күнін атап өту Алматы облысында мерекелік шеруден басталды

Бүгін жылдағы дәстүр бойынша Талдықорған қаласының орталық алаңында Конституция күні тойланды.
Алматы30 Тамыз , 15:42

«Орталық алаңға жиналған халық белгілі өнер ұжымдары мен облыс әртістерінің ән-билерін тамашалады», - делінген хабарламада.

Шараның салтанатты ашылуында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов тәуелсіз мемлекетіміздің басты құқықтық құжаты Конституция еліміздің одан әрі дамуына зор мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.  Сондай-ақ бүгінгі жетістіктеріміздің барлығына Ата Заңымыз негіз болғанын тілге тиек етті.

Мереке әрі қарай «Ата Заң – арайлы таңым!» тақырыбында облыстық Сүйінбай атындағы филармония мен «Талдықорған әуендері» ансамблінің концертіне ұласты.  

Осындай мерекелік шаралар облыстың барлық аудан, қалаларында өткізіліп, кешкілік жастар би кешімен қорытындыланады.  




Яндекс.Метрика