Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Алматылықтар Конституция күнін велошерумен атап өтті

Алматыда Конституция күніне орай велошеру өтті.
Алматы қаласы30 Тамыз , 14:59

Оған 2 мыңдай шабандоз қатысты. Олар өз шеруін  Әл-Фараби мен Тәттімбет көшелерінің қиылысынан бастап, мәре сызығын Тұңғыш Президент саябағында кесті.

Мұндай велошеру шаһарда жыл сайын өткізіліп келеді. Мақсат - салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Шеруге қатысушы 2 мыңдай шабандоз 12 шақырымдық жерді еңсерді.

Мәре сызығына жеткеннен кейін, қала басшысылары алматылықтардың салауатты өмір салтын ұстануына сүбелі үлес қосып жүрген тұрғындар мен жеңімпаздарды марапаттады. 




Яндекс.Метрика