Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Ақтөбеде Конституция күніне орай «Шеберлер елі» акциясы өтті

Конституция күніне арналған Қазақстан Жазушылар одағы мен еуразиялық топтың «Шеберлер елі» атты дәстүрге айналған бірлескен акциясы Ақтөбеде өтті.
Ақтөбе30 Тамыз , 14:33

Ұзақмерзімді әлеуметтік жобаның мақсаты – ұлттық патриотизмді жандандыру, мәдениет қызметкерлерінің беделін нығайту, деп хабарлады облыс әкімдігінен.

«Бұл жоба ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы қоғамдық санада еңбектің құндылығын арттыру, өмірдегі жетістіктердің бастамасы еңбек екенін түсіндіру туралы тапсырмасына жауап болып табылады. Қазақстанның танымал ақындары Ақұштап Бақтыгереева, Валерий Михайлов, Аслан Жақсылықов, Татьяна Фроловская, Надежда Чернова, Орынбай Жанайдаров, Юрий Поминов, Александр Тараков, Қайрат Бақбергенов, Амантай Өтегенов, Жанарбек Әшімжанов топтың ірі кәсіпорындарында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті, шеберлік-сыныптар өткізді», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика