БҚО бойынша жобаға қатысқысы келгендердің жалпы саны 53 адам, олардың ішінен 45-і сұхбаттасуға жіберілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ал, сұхбаттасуға 21 адам қатысты, олардың ішінен 11 түлек үстіміздегі жылдың 3 қыркүйегінен бастап іс-тәжірибеден өтетін болып келісті.
Бүгінгі таңда «Жас Отан»ЖҚ облыстық филиалы ұлттық компаниялардың еншіліс ұйымдарымен және алты мемлекеттік органмен меморандумға отырды.
Естеріңізге сала кетейін, жоба мақсаты – жастарға мамандығы бойынша тәжірибе жинауға және одан ары жұмысқа орналасуына жағдай жасау.