Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда тұрғындарды емханаларға тіркеу акциясы басталады

Еліміздің барлық өңірінде 2013 жылы 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында тұрғындарды емханаларға тіркеу шарасы жүргізілмек. Бұл жөнінде бүгін Денсаулық сақтау министрлігіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмек ұйымы департаментінің директоры Ажар Төреғалиева мәлім етті.
Казахстан11 Қыркүйек , 15:13

«Елімізде тұрғындарды емханаларға еркін тіркеу айлығы басталды. ҚР Заңына сәйкес, әр азамат өз еркімен территориалдық және тұрмыстық жағдайына қарай емхана таңдауға құқығы бар. Алғашқы медициналық ұйымның құрамына емханалар, амбулаторлық мекемелер және отбасылық медициналық орталықтар кіреді. Тұрғындарға осы мекемелерден педиатр, акушер, медбикелер медициналық қызмет көрсетеді. Ал 2014 жылдан бастап алғашқы медициналық көмек көрсетуді қаржыландырудың жаңа реформасы дайындалды. Осы негізде келесі жылы әр адамға ол науқас болса да, болмаса да, айына 800 теңгеден қаржы бөлініп, 50 тегін медициналық көмек көрсетілмек. Бұл шараға тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, жекеменшік орталықтар да тартылмақ», - деді департамент директоры А. Төреғалиева.

Атап өтсек, егер науқас тұрғылықты мекен-жайын, жұмыс орнын өзгерткен жағдайда немесе басқа емханалық қызмет көрсету көңілінен шықса, өз құқығын толықтай пайдалана алады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика