Өңірлер

Астанада тұрғын үйлердің 97 %-ы жылу беру маусымына дайын - әкімдік

Астанада орталық жылу беру жүйесіне қосылған 2 115 көппәтерлі тұрғын үйдің 97%, яғни 2 047-де 2014-2015 ж.ж. жылу беру маусымына дайындық жұмыстары толық жүргізілген.
Астана қаласы30 Тамыз , 11:28

Елордалық әкімдіктен хабарлағандай, ПИК және қызмет көрсетуші ұйымдар үйаралық инженерлік желілердегі ақауларды жою, атап айтқанда су құбырларының тесіктерін бітеу, орталық жылу беру жүйесін реттеу, қалыпқа келтіру, тазалау, шатырларды жөндеу, жертөлелерді кептіру және т.б. жұмыстар жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында Астана қаласы әкімінің өкімімен қаланың энергокешен, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық қызмет объектілерін 2014-2015 ж.ж. жылу беру маусымына дайындау бойынша қалалық штаб құрылып, Іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.




Яндекс.Метрика