Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Елбасы қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.
Астана қаласы30 Тамыз , 10:29

Құттықтаудың мәтіні «Егемен Қазақстанның» ресми порталында жарияланған.

«Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. 19 жыл бұрын осы күні халқы­мыз бүкілхалықтық референдумда Қазақстанды зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретінде жариялаған Ата Заңды қабылдады. Конституциялық құрылыстың негізгі тірегі ретінде халық бірлігі, қоғамдық және рухани келісім, саяси тұрақтылық қоғамымыздың ерекше құндылықтарын құрайды. Мемлекет пен қоғамның ор­нық­ты дамуына жол ашқан Конс­титуцияның әлеуеті жоғары эко­номикалық өрлеу мен азаматтар әл-ауқатының артуын қамтамасыз етеді. Біздің Конституциямыз «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі жөніндегі тарихи мақсаттары мен міндеттерін іске асырудың берік негізі болып табылады», - делінген мәтінде.

«Келесі жылы республикалық референдумда еліміздің Конститу­ция­сының қабылданғанына 20 жыл толады. Ата Заңымыздың мерейтойы жалпымемлекеттік деңгейде Қазақстан халқы Ассамб­лея­сының 20 жылдығымен бірге тойланады. Осы екі айтулы оқиға жылнамамыздағы ортақ байланысты құрайды. Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбітшілік пен ын­тымақ, табыс пен құт-береке тілеймін!», - деп Нұрсұлтан Назарбаев отандастарына жылы лебізін білдірді. 




Яндекс.Метрика