Астанада биыл экологиялық таза пакет өндірісі ашылмақ

Астанада биыл экологиялық таза пакет өндірісі ашылады, деп кәсіпкер Мирас Аббасов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Тамыз , 16:52

«Мемлекеттің қолдауынсыз халықтың экопакеттерге деген көзқарасын өзгерту қиын. Қазір біз қажетті құрылғыларды Ресей мен Қытайдан әкелеміз. Бастапқы кезде шикізат Ресейден тасымалданады. Биыл Астанада осы өндірісті іске қосуды көздеп отырмыз»,  - дейді кәсіпкер Мирас Аббасов.

Өнімнің бағасына келер болсақ, оның айтуынша, кепілдендірілген көлем артатын болса, құны тиісінше азая түспек.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада бүгін «Қазақстан 2050» жалпыхалықтық қозғалысы қазақстандықтардың бойында жаңа экологиялық сана қалыптастыру мақсатында «ЭКО пакет» жобасының тұсауын кесті.

«ЭКО пакеттер толықтай тарап кетеді. Ол биологиялық факторлармен ешқандай қалдықсыз табиғатқа сіңіп кетпек. Осы орайда ешқандай да қатер төндірмейді. Пакеттің құрамы табиғаттың микроорганизмдерімен сіңісіп кететін қасиетке ие», - дейді кәсіпкер.

«Экологиялық таза пакеттер қалдықсыз тарап кетеді», - дейді М.Аббасов.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика