Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Алматы ІІД-нің қызметкерлеріне жаңа қызметтік 150 машина табыс етілді

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаланың Ішкі Істер Департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік машиналардың кілттерін табыс етті, деп қалалық әкімдікте хабарлады.
Алматы қаласы29 Тамыз , 18:22

ІІД-не бөлінген 105 жаңа автомобильдердің ішінде «Iveco» маркалы микроавтобустар, «Пежо» және «ЗАЗ Шанс» автомашиналары бар. Олар жол- патруль полициясы, учаскелік инспекторлар мен ІІД-нің басқа да бөлімшелері қызметкерлері арасында бөлінетін болады.

 «Алматы қаласында тиісті тәртіпті қалыптастыру үшін биылғы жылы қала бюджетінен 12 млрд. теңге бөлінді. Оның 2 млрд. теңгеден астамы материалдық-техникалық жарақтандыруға, полиция қызметкерлерін ынталандыруға жұмсалатын болады. Бүгін Алматының ІІД-не 105 көлік бөлініп отыр. Мұның барлығы полицияның барынша жедел қимылдауы, техникалық жағынан толық қамтамасыз етілуі, қалада тәртіпті ойдағыдай қалыптастыруы үшін жасалып отыр», - деді Ахметжан Есімов

Қала басшысы жаңа автомобильдер мемлекет пен қалалықтардың игілігі үшін жұмыс істеулері тиіс екендігін ерекше айтты. Шара соңында Алматы әкімі полиция қызметкерлерін алдағы болатын Конституция күнімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.

Назарларыңызға, биылғы жылдың тамыз айының орта шенінде ІІД-нің 300 үздік қызметкері әрқайсысы 200 мың теңгеден арнайы сыйлық алған болатын. Екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тағы да 300 қызметкер осындай марапатқа ие болмақ.

 

 




Яндекс.Метрика