Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

А.Есімов: Ата Заң - тәуелсіздікті, бейбітшілікті, тұрақтылық пен гүлденуді одан әрі нығайта түсті

Бүгін Алматыда Конституция күніне арналған ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Оның жұмысына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, мемлекеттік органдардың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты, деп қала әкімдігі хабарлады.
Алматы қаласы29 Тамыз , 18:06

Қала басшысы Қазақстанның Негізгі Заңы тәуелсіздікті нығайтудың, тиімді мемлекеттік-құқықтық жүйені қалыптастырудың, халықтың тұрмыс жағдайын одан әрі жақсартудың басты кепілі болып табылатындығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Біздің Конституциямыз Қазақстанның өркендеп, дамуының іргетасы, халқымыздың ерік-жігерінің ізгі нәтижесі, алға жылжуымыздың айқын белгісі болып табылады. Осы жылдар ішінде біз орасан зор прогресске қол жеткіздік, барша әлем бағалайтын, құрметтейтін қуатты, экономикасы дамыған, саяси тұрақтылығы мықты мемлекет құрдық. Ел Конституциясы - адамның өркениетті қағидаттары. Оған мақтанумен қатар, бағалап, жүзеге асыру қажет»,- деді Ахметжан Есімов.

Қала әкімі тарих жылнамасына көз жібере отырып, конституциялық тұрмыстың 19 жылы ішінде халқымыз ғасырлар бойы армандаған ұлы оқиғаларға қол жеткізгендігімізді атап өтті.Халықаралық қоғамдастықтың бүгінгі Қазақстанды өсіп, өркендеген алдыңғы қатарлы серіктестік ретінде танитындығын жеткізді.

«Негізгі Заң ең басты байлығымыз - тәуелсіздікті, бейбітшілікті, тұрақтылық пен одан әрі гүлденуімізді нығайтты.Барлық мемлекеттік институтардың, әрбір қазақстандықтың міндеті- қолжеткен жетістіктерді баянды ету. Бірлік пен келісім, мықты саяси көзқарас, дамудың негізгі басымдылығын жете сезіну - өркенниетті мемлекеттің басты түпқазығы», - деді Ахметжан Есімов.




Яндекс.Метрика