ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда «Мәңгілік ел» республикалық акциясының бірінші кезеңі өтті

Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында елімізде «Мәңгілік ел» республикалық акциясы өтті. Оған Астана, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Петропавловск пен Павлодар қалаларынан 2 мыңға жуық тұрғын қатысты. Жалпы игі шараны ҚР БҒМ жастар ісі комитетінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Студенттердің өзін-өзі басқару және дамыту одағы» КҚ ұйымдастырды.
Казахстан29 Тамыз , 19:07

Республикалық акция өз бастауын Астанадан алды. Жастардың бастамасын қазақстандықтар жылы қабылдады. Көптің пікірінше акцияның тигізер пайдасы зор және жаңа білім ешқашан артық етпейді.

«Жастардың осындай маңызды проблеманы шешуге атсалысып жатқаны қуантарлық жағдай. Мен орыс, украин, ағылшын тілін жетік меңгергенмн, бүгінде қазақ тілін үйренудемін. Көптеген сөздерді білемін. Оларды күнделікті автобустарда тыңдаймыз, жазбалардан оқимыз дегендей. Менің ойымша мұндай акциялар жиі өткізілуі керек», - деп атап өтті Көкшетау тұрғыны Алена Степаненко.

Ұйымдастырушылар хабарлағандай, «Мәңгілік ел»  акциясы Астанада өткен мемлекеттік тілге қолдау көрсетуге арналған республикалық конференцияның жалғасы болды. Жалпы, шара мемлекеттік тілдің танымалдылығын арттыруға септігін тигізетін болады, деп есептейді Студенттердің өзін-өзі басқару және дамыту одағында.

Игі шараның екінші кезеңі ағымдағы жылдың қыркүйек айында Шымкент, Алматы, Тараз, Қызылорда, Талдықорған және Семей қалаларында өтеді.

 




Яндекс.Метрика