Адами капитал

7 ай ішінде елорданың халқы 11 мың адамға көбейді

Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында елордаға 24301 адам келіп, 13414 адам кетті (көші-қон айырымы +10887 адам), деп қалалық статситика департаментінде хабарлады.
Астана қаласы29 Тамыз , 19:23

Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан: 2014 жылдың қаңтар-маусымында келгендер 17024 адамды, кеткендер – 6572 адамды құрайды.

 Елорданың көші-қон өсімінде келгендердің үлес салмағы Ақмола – 21,3%, Оңтүстік Қазақстан – 13,7%, Қарағанды – 10,1% , Алматы қ. – 8,6%,  Шығыс Қазақстан – 8% және басқа облыстардан  38,3% құрады.

Көші-қонның жағымды айырымы, негізінен ішкі көші-қон есебінен (+10887 адам) қалыптасты. Сыртқы көші-қон бойынша жағымды  айырым (+435 адам) байқалады.

2014 жылғы қаңтар-маусымда 2013 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда Астана қаласына келгендер саны 65,6%-ға  көбейіп, кеткендер саны 48,9%-ға артты.

Астана қаласының мына ТМД елдерімен көші-қон айырымы оң мәнді: Өзбекстан (+233 адам), Қырғызстан Республикасы (+40 адам), Ресей Федерациясы (+28 адам), Әзербайжан (+7 адам), Түрікменстан (+6 адам), Украина (+5 адам) және Тәжікстан (+3 адам).

Басқа елдермен оң мәнді көші-қон айырымы, негізінен, Қытай (+136 адам), Монғолия   (+30 адам), Түркия (+10 адам) қалыптасты.

 

 




Яндекс.Метрика