Технологиялар трансферті

ШЫҰ елдері ғылыми ведомстволарының басшылары ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қояды – ҚР БҒМ

Шанхай ынтамықтастық ұйымына мүше елдердің ғылым саласындағы министрліктері мен ведомство басшылары 2013 жылғы 13 қыркүйекте Бішкек қаласында ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қояды, Қазақстанның білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Казахстан11 Қыркүйек , 14:33

«Бүгін ШЫҰ елдері ғылым министрліктері мен ведомстволары басшыларының жиналысы өтуде. Біз осы саладағы ынтымақтастық келешегі бойынша пікір алмасып, елдердің ұсыныстарын талқыладық және ШЫҰ елдері арасында ғылыми-техникалық саладағы ынтымақтастық жөнінде келісім жобасын мақұлдадық. Аталған құжатқа қол қою ШЫҰ мемлекет басшыларының қатысуымен арғы күні Бішкек қаласында өтеді», – деді Қазақстанның білім министрі.

Ол осы келісім аясында саланы реформалау және бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу туралы келісім бар екенін атап өтті.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика