Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Жылына 1 млн қазақстандық қан айналымы жүйесі сырқаттарының скринингінен өтеді

Жылына 1 млн қазақстандық қан айналымы жүйесі сырқаттарына скринингтен өтеді, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмек ұйымы департаменті директоры Гүлнар Құлқаева.
Астана қаласы29 Тамыз , 16:22

«2009 жылдан бері біз скринингтік бағдарламаны қолға алып келе жатырмыз. Бүгінгі таңда 11 осындай бағдарлама бар. Олардың арасында сырқаттарды ерте кезден анықтау диагностика  бағдарламасы қамтылған. Жыл сайын 1 млн отандасымыз осынау процедурадан өтеді», - дейді.

Оның айтуынша, сырқат асқынып кетпеуі үшін мемлекет қаражаты есебінен берілетін аталмыш пациенттерді амбулаториялық-дәрілік қамамасыз ету қарастырылған.

Сонымен қатар, Г.Құлқаева қазақстандық кардиохирургияның әлемдік стандарттардан кем түспейтінін алға тартты.

«Бүгінгі таңда әлемдік талаптарға жауап беретін кардиохирургиялық қызмет құрылды, менің ойымша, кардиохирургиялық конгрестің өткізілуі осыған дәлел болмақ», - деді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика