Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда жыл сайын 10 мыңнан астам пациент жүрегіне ота жасатады - Г.Құлқаева

Қазақстанда жыл сайын 10 мыңнан астам пациенттің жүрегіне кардиохирургиялық ота жасалады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Құлқаева хабарлады.
Астана қаласы29 Тамыз , 16:14

«Жыл сайын барлық аймақта кардиохирургиялық орталықтарымыздың болуының арқасында 10 мыңнан астам пациенттің жүрегіне ота жасалады. Әр бір ота үшін мемлекет 800 млн теңгеден  1 млн 200 мың теңге аралығында шығындалуы керек. Жүрек сырқатының түрлеріне қарай өзгеде оталар жасалады. Олар өздерінің қиындығына қарай әр түрлі соманы құрайды.Жалпы, олардың құны 2 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Айта кетерлік жайт, барлық қажетті кардиохирургиялық көмектердің барлығы азаматтарға мемлекет есебінен көрсетіледі», - деп мәлімдеді Г. Құлқаева.

Сонымен қатар, ол атап өткендей денсаулық сақтау жүйесі кардиоауруларды ерте анықтауға ерекше көңіл бөледі.

«Жүрегі сырқаттанған пациенттерге көмек көрсетуде жоғары инновациялық технологияларды енгізуімізге қарамастан, жергілікті емханаларда жүрек ауруын алдын алуға, оны бастапқы кезеңде анықтауға  ерекше ден қойылған», - деп толықтырды Г. Құлқаева.




Яндекс.Метрика