Халықаралық интеграция

«Невада-Семей» ХАҚ белсенділері Семейдегі онкологиялық диспансерде болды

«Невада-Семей» ХАҚ мүшелерінен тұратын «Невада-Семей» ХАҚ 25 жылдығы. Ұлттық қасіреттен ұлттық мақтанышқа» Халықаралық конференциясы делегаттары Семейдегі өңірлік онкологиялық диспансердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан29 Тамыз , 18:52

Онкологиялық диспансерді аралау барысында мекеме директоры Марат Сандыбаев делегаттарға алдағы күзде Ядролық медицина орталығының ашылуы жоспарланып отырғанын айтты. Оның құрылысы алдағы күзде толықтай аяқталады деп күтілуде.

«Осы жерде бейбіт атом медицина мен денсаулық сақтау саласына қызмет ететін болады. Осы үшін орталыққа мемлекет тарапынан жаңа құрылғылар алынып, мамандар оқытылды», - дейді диспансер директоры.

Айта кету керек, Семейдегі өңірлік онкологиялық диспансер МАГАТЭ-мен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ол мекеменің заманауи сәулелік құрылғылармен қамамасыз етілуіне үлкен көмек берген. 2 жылда  МАГАТЭ және ҚР Атом энергетикасы комитетімен бірлесіп 2 жоба іске асырылды. Атап айтар болсақ оның бірі Семей қаласындағы онкологиялық диспансерде ядролық медицина бөлімін құру. Аталмыш орталық осы өңірдік диспансер базасынжағы радиациялық онкологияның жоғары мамандандырылған орталығының бір бөлігі болмақ.




Яндекс.Метрика