Ұлттың денсаулығы

2 жылда қазақстандық кардиохирургтер 130-ға жуық жасанды асқазанды имплантациялады

2 жылда қазақстандық кардиохирургтер 130 шақты сол жақ жасанды асқазанды имплантациялады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмек ұйымы департаментінің директоры Гүлнар Құлқаева.
Астана қаласы 29 Тамыз, 16:04

«Соңғы 2 жылда біз 7 трансплантация жасадық, 2012 жылы алғаш рет Юрий Пя жүрек трансплантациясын жасаған. Сонымен қатар, жоғары технологиялық медициналық көмек енгізіліп, бүгінгі таңда 130 шақты сол жақ жасанды асқазан имплантацияланды», - дейді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанда қазіргі кезде 38 кардиохирургиялық ұйым мен әр өңірде өздерінің орталықтары да жұмыс істейді.

«Қазақстанда қазіргі кезде 38 кардиохирургиялық ұйым мен әр өңірде өздерінің орталықтары да жұмыс істейді. Олар біздің кардиохирургиялық сырқаттарға шалдыққан науқастарға халықаралық стандарттарға сай әлемдік деңгейдегі көмек көрсетеді», - дейді.

Оның мәліметінше, 2007 жылы кардиохирургиялық қызмет құру стандарты берілді. Онда Үкімет тарапынан салалық бағдарлама қабылданды. Соның арқасында осынау сырқатқа шалдыққандарға көрсетілетін емнің қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика