Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы «ЭКО пакет» жобасының тұсауын кесті

Бүгін Астанада қазақстандықтар арасында жаңа экологиялық сана қалыптастыру мақсатында «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы «ЭКО пакет» жобасының тұсауын кесті.
Астана қаласы29 Тамыз , 15:33

Айта кетейік, пластикалық пакеттерді өндіруге жыл сайын әлемде өндірілетін мұнайдың шамамен 4%-ы жұмсалады екен, ендеше оларды қайта өңдеу пайдасыз.

Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша, Астананың әрбір тұрғыны (балаларды қоса алғанда) жылына шамамен 300 пластикалық пакет пайдаланатын көрінеді.

Осылайша полиэтиленді пакеттерді қолданудан ең болмағанда бір қазақстандық бас тартар болса, бір ғана жылдың ішінде 50 литр мұнай үнемделеді екен.

Қазіргі таңда, қозғалыс әлеуметтік зерттеу жүргізіп жатыр. Мақсаты – азаматтардың дүкендерде бірнеше рет пайдалануға болатын мата ЭКО-қалталар мен экологиялық таза қағаз қалталарды пайдалануға қаншалықты дайын екендігін және оларды қаншаға сатып ала алатынын, сондай-ақ, пластикалық пакеттерді қайта пайдалануға дайын екенін анықтау.

Жалпы, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық  қозғалысы қазақстандықтар арасында жаңа экологиялық сана қалыптастыруды мақсат етіп, қоршаған орта алдында жауапкершілікті арттыруға бағытталған жобаларды қолға алуда.

Сонымен қатар, «Қазақстан-2050» жалпыхалықтық қозғалысы жобаны іске асыру үшін Үкіметке бірқатар бастамалар ұсынып отыр.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика