Евразиялық одақ

ҰКП мен Ұлттық банк ЕАЭО қаржы нарығын дамытуға қатысты дөңгелек үстел өткізді

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қазақстан Республикасының қаржы нарығын дамыту келешегі» тақырыбына Дөңгелек үстел өткізді, деп Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы29 Тамыз , 16:34

Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасының жəне Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан қаржы нарығына қатысушылардың ауқымды тобы қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты қаржы нарықтары жəне мемлекеттің нарықпен сындарлы сұхбатын құру бөлігінде ықпалдасу үдерістерінің шеңберіндегі мəселелер бойынша сезімтал мəселелерді кеңінен баяндау, сондай-ақ жан-жақты талқылау жəне тиімді шешімдерді іздестіру болып табылады.

Қаржы нарығының қатысушыларына ЕАЭО туралы шарттың нормаларына (103-бап) сəйкес мүше мемлекеттер 2025 жылға қарай Қаржы нарықтарындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар туралы келісімнің жобасына сəйкес қаржы нарығы саласындағы өз заңнамасынүйлестіруді жүзеге асыратыны туралы ақпарат жеткізілді, ол жоба үйлестірудің кезең-кезеңімен жүргізілуін көздейді. 




Яндекс.Метрика