Білім беру

Биыл ЕҰУ-да 16 мыңнан астам адам білім алатын болады

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде биыл 16 558 адам білім алмақ.
Астана қаласы29 Тамыз , 15:49

ЕҰУ хабарлауынша, биыл бірінші курсқа келіп түскен студенттердің саны 3 995 адамды құрайды, соның ішінде 2 996-і мемлекеттік білім гранттарының иегерлері болса, қалған 899-ы ақылы оқитындар.

Бұған қоса мемлекеттік грантқа тағы 985 магистрант қол жеткізген. Қалған 107-сі ақылы негізде білім алмақ. Ал Білім және ғылым министрлігінің берген философия ғылымдарының докторы (PhD) 70 гранты да өз иелерін тапқан.

Қазіргі таңда Еуразия Ұлттық университетіндегі барлық шәкірт саны 16 558 адамды құрап отыр, соның 13 545 мемлекеттік білім гранты иегерлері.

Бакалавр деңгейінде 14 094 оқыса, соның 11 265-еуі тегін білім алушылар. Ал 2 729-ы келісімшарт бойынша білім алмақ. Магистратурада оқитын 2 293 адам бар, соның 2 056-ауы грант иегерлері. Қалған 185-і келісімшарт негізінде. PhD докторлығы бойынша 225 адам білім алуда.

«Айта кету керек, биыл техникалық білім бойынша, соның ішінде ақпараттық технология саласына қызығушылық танытқан талапкерлердің қарасы бұрынғыдан әлдеқайда көп болды.Биыл ақпараттық технология факультетіне 510 адам түссе, көлік-энергетика факультетіне 409 адам, сәулет-құрылысқа 404 студент түсті», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Алтын белгімен» бітірген 406 талапкердің таңдауы Еуразия Ұлттық университетіне ауған.




Яндекс.Метрика