Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Тұңғыш Президент Музейінде Конституция күніне орай бірінші сынып оқушыларына дәріс өтті

Бүгін Тұңғыш Президент Музейінде Конституция күніне орай бірінші сынып оқушыларына «Тәуелсіздігімнің тірегі – Ата Заң» атты сабақ өтті.
Астана қаласы29 Тамыз , 17:06

Елдің негізгі заңы – егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік дамуының іргетасына айналған тарихи маңызды ерекше құжат. Ж. Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназияның бірінші сынып оқушылары – Қазақстан Республикасының жас азаматтары – елдің Ата Заңында көрініс тапқан өз құқықтары мен бостандықтарын, Негізгі заңды жасаудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін танып-білді.

«Сабақ барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған бейнематериалдар мен фотоқұжаттар қолданылды», - деп мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Сонымен қатар vерекені ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі өткен сабақтан естелік ретінде мектеп табалдырығын алғаш аттаушыларға арнап, сыйлықтар әзірледі.  




Яндекс.Метрика