Ұлттың денсаулығы

Қазақстандық дәрігерлер жыл сайын 2 мыңнан астам балалардың кардиохирургиялық отасын жасайды

Қазақстандық дәрігерлер жыл сайын 2 мыңнан астам балалардың кардиохирургиялық операциясын жасайды. Бұл туралы бүгін Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Горбунов Астанадағы 3-інші Ұлттық кардиохирургия конгресінде.
Астана қаласы29 Тамыз , 13:14

«Қазіргі таңда Қазақстанда 12 орталық балаларға операция жасайды. Балалар кардиохирургиясының қажеттіліктері төмендегідей. Туылған 1000 баланың 7-еуі жүрек жүрек ақауымен дүниеге келеді. Осы орайда Қазақстандағы туу көрсеткішіне қарайтын болсақ, бұл жылына шамамен 2500-2800 операция деген сөз. Біз  қазір балалардың осынау сырқатын емдеуде қажеттіліктің 80 пайызын жаба аламыз», - дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Дмитрий Горбунов.

Айта кету керек, конгресте созылмалы жүрек ақаулары еміне, балалар мен ересектердегі күрделі жүрек ұстамасы емі мен гибридті технологияларды дамыту секілді бірқатар мәселелерге көңіл аударылды.  

Сонымен қатар, Конгрестің қағидалық моделі басты бағыттарды талқылау алаңын құрады. Жүрек ақауларының созылмалы ауруларын хирургиялық емдеу, туғаннан бері бар және кейін пайда болған жүреу ақауларын емдеу мәселелері осының аясына енгізіледі.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика