Халықаралық интеграция

БҰҰ Бас хатшысы әлемдік қауымдастықты ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етуге шақырды

Бүгін, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-әрекет күні БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун әлемдік қауымдастықты ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етуге шақыра отырып, барынша қауіпсіз және гүлденген болашақты құру жолында әрекет етуге шақырды.
Әлемде29 Тамыз , 13:32

«Бұл күні 1991 жылы Қазақстан Семей жеріндегі ядролық сынақ алаңын жабу туралы шешім қабылдады. Дәл осы күні 1949 жылы Кеңес одағы алғаш рет ядролық сынақ өткізді. Одан кейін де жарты ғасыр уақытқа жуық кезеңде осы жерде 455 сынақ өткізіп, жергілікті халық пен жалпы адамзат баласы өміріне айтарлықтай қауіп төндірді», - делінген хабарламада.

БҰҰ Бас хатшысы Ядролық сынақты жаппай тыю туралы келісімді ратификацияламаған елдің азаматтарына қарата сөйледі.  

«Барлығымыз бір кісідей ядролық сынақтарды тоқтатуды талап ете отырып, барынша қауіпсіз және гүлденген болашақты құру жолында әрекет етейік», - деді.




Яндекс.Метрика