Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қызылордада ҚР Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 19 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде еліміздің басты Заңына арналған «Дөңгелек үстел» өткізілді, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Қызылорда29 Тамыз , 14:46

«Дөңгелек үстел» қатысушылары, оның ішінде ХДП «Нұр Отан» Қызылорда облыстық филиалының жастар қанаты «Жас Отан» өкілдері, атқарушы билік өкілдері, Департаменттің мемлекеттік органдары мен бағыныстағы ұйымдар белсенді түрде демократиялық және жас мемлекеттің белсенді дамуы мен құрылуында үлкен рөл атқарған Конституцияны талқыға салды және бүгінгі Қазақстан Республикасы халықаралық ареналарда бірнеше рет белсенді деп танылғандығы Конституцияның арқасы екендігін атап өтті. 

Талқылау барысында бірнеше рет Елбасының өткен жолымызға бұрыла қарап, бүгінгіміз бен болашақты  салыстыра, ерекше бір шаттық пен қуанышқа бөленесің деген сөздері туралы да айтылды.    

«Бүгінгі күні біз Қазақстан Республикасы Конституция күні мерекесін ғана емес, сонымен қатар Ата Заңымыз арқылы еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі және әрбір тұрғынның, азаматтың және еліміздің қонақтарының қорғалғандығын мерекелеудеміз», -  деп ТЖ департаменті бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі басқармасының бастығы Р.М.Қосназаров атап өтті.          




Яндекс.Метрика