Халықаралық интеграция

Қазақстанда бес жыл бойы Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күрес күні аталып келеді

Қазақстанда бес жылдан бері Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күрес күні аталып өтуде.
Астана қаласы 29 Тамыз, 12:05

«Бүгінгі таңда барлық әлемдік қауымдастықтар ядролық сынақтарға қарсы күнді ерекше атап өтуде. Биыл аталмыш резолюцияның қабылданғанына бес жыл толады. Ол ядролық қаруландырудың адамзатқа берер қатері туралы қоғамның танып-білуін қамтамасыз етуде нақты қадамдар жасауға бағытталған. Сонымен қатар, әр елдің Үкіметтерінің ядролық сынақтардан біржола бас тартуға шақыру мақсатында жұмыс істейді», - дейді.

Оның айтуынша, Қазақстанда 1949-1989 жылдары аралығында 500 шақты жарылыс жасалған.

«Президенттің 1991 жылдың 29 тамызындағы Қаулысы бойынша Семей полигоны біржола жабылды. Бұл әлемдік тәжірибеде халықтың өз еркімен ядролық сынақ алаңын біржола жабу бойынша алғашқы әрекет еді», - дейді Б.Садықов.

Сондай-ақ, бес жылда келісімге 183 ел қосылып, соның 162-сі ратификациялаған.

Жалпы, осынау күнді атап өту аясында көптеген шаралар қолға алынуда. Биыл Астана мен Семейде «Дәрігерлер ядролық қарусыз әлем үшін» атты халықаралық конференция мен «Невада-Самей» антиядролық қоғамдық қозғалыстың құрылғанына 25 жыл толуына байланысты конференция өтті.

Өздеріңізге де белгілі, 10 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ БА арнайы отырысы және Вашингтонда халықаралық конференция өтеді

Камила Амирова

 





Яндекс.Метрика