Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Конституция күні Астананың сауда орталықтарында шоулар, концерттер мен байқаулар өтеді

Конституция күні Астананың сауда орталықтарында жұлдыздардың қатысуымен шоулар, концерттер өткізіліп, жеңілдіктер жасалады, деп қала әкімдігінде хабарлады.
Астана қаласы29 Тамыз , 19:38

MEGA Astana ОСО-да бағалы сыйлықтар тігілген викториналар т.б. ойындар ұйымдастырылып, концерт қойылады. Балалар үшін аквагрим жасату және естелікке фотосуретке түсу тегін болады.

««Сарыарқа» СО-да 7-8 жастағы 7 конкурсанттың қатысуымен шоу өтеді. Шара барысында қатысушылар өздерін таныстырып, қолдарынан шыққан туындыларды көрсетіп, өнерлерін ортаға салады. Сонымен қатар, келушілерге орталықта тауарларды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік туады», - делінген хабарламада.

Мереке аясында «Керуен» сауда ойын-сауық орталығы «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетпек. Бұл күндері орталыққа келушілерге жаңа топтамалар ұсынылатын болады.

«Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығында әнші Адам (Новая Волна – 2013 қатысушысы) сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздары мен би ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтеді. 31 тамыз күні «Azia Park Live Muzic» саз кеші өтсе, 1 қыркүйек күні де концерттік бағдарлама қойылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады. Сонымен қатар, ОСО келушілері аспазшылық мастер-кластарға қатысып, аквагрим жасатып, ойын залында сауық құруларына болады.

30 тамызда «Хан Шатыр» ОСО-ның келушілері қазақтың ұлттық ойыны Қанталапайды ойнап, қолма-қол сыйлықтарды иеленуге мүмкіндік алады. 31 тамыз күні «Көк түркілер» ұлттық оркестрі қонақтардың делебесін қоздырып, құлақ құрышын қандырмақ.




Яндекс.Метрика