Ұлттың денсаулығы

Астанадағы 3-інші Ұлттық кардиохирургтер конгресіне 500-ден астам дәрігер мен ғалым жиналды

Бүгін Қазақстан астанасында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Назарбаев университетінің қолдауымен «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-ның Чикаго университеті және Дүниежүзілік Кардиоторакальді хирургтер Қауымдастығымен бірлесе ұйымдастырған 3-інші Ұлттық кардиохирургтер конгресі ашылды.
Нұр-Сұлтан29 Тамыз , 10:29

Шараға 500-ден астам отандық және шет елдік дәрігерлер мен ғалымдар, сарапшылар қатысуда және олардың арасында осы салада дүниеге әйгілі мамандар мен дәрігерлерден тұратын 47 спикер бар.

«Бұл конгресте әлемнің түкпір-түкпіріндегі дарынды дәрігерлердің басын қосып, барынша молынан ғылыми баяндамалар мен шеберлік сабақтарынан тұратын бағдарлама дайындауды көздеп отырмыз», - дейді «ҰҒКО» АҚ басқарма тұрағасы Юрий Пя.

Айта кету керек, шараның өткізілуі кардиохирургия саласында заманауи технологияларды қолдану бағыттары мен оның болашағын анықтауға және ғылыми жұмыстарға барынша молынан мән беруге жол ашады.

Конгресстің мақсаты әлемнің әр елінің кардиохирургтарының басын қосып өзара тәжірибе алмасу, осы саладағы соңғы жаңалықтар туралы пікір алмасу болып табылады.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика