Экология

Семейде «Экология. Радиация.Денсаулық» халықаралық конференциясы ашылды

ШҚО-ның Семей қаласында Мемлекеттік медициналық университетінде «Экология. Радиация. Денсаулық» атты X жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде, оның жұмысына Қазақстан, Жапония, Ресейдің және тағы басқа елдердің үздік ғалымдары қатысуда, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан29 Тамыз , 11:02

Конференцияда радиациялық экология мен қауіпсіздік, алдын алу, емдеу және экологиялық апатты аймақта өмір сүріп жатқан халықты сауықтыру мәселелері талқыланатын болады.

«Сонымен қатар, ауқымды шара аясында Кембридж бен Барнауыл университеті, Корея мен Жапония университеттері арасында  консорциумды құру туралы құжатқа қол қойылады», - деп хабарлады СММУ ректоры Төлебай Рахыпбеков.

Бұдан басқа, ҒТК шеңберінде СММУ қабырғасында "Әлем Мұражайының" ашылуы өтті.




Яндекс.Метрика