Инфрақұрылымның дамуы

Атырауда фармацевтикалық өнім шығаратын зауыт салынады

Атырауда «Лумпан Каспиан Фармасьютикалс» ЖШС фармацевтикалық өнім шығаратын зауыттың капсуласы және алғашқы тасын салтанатты түрде қалау өтті, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Атырау29 Тамыз , 10:46

Зауыттың құрылысы «Медицина» АҚ, SAVA Healthcare компаниясы, «Атырау» ӘКК» ҰК» АҚ, «Lifeline Fze» компаниясы, «ALIM COM» ЖШС қатысуымен салынады. Инвестициялар құны 3,7 млрд. теңге.

Зауыттың жобалық құны: 800 000 000 дана таблеткалар, 300 000 000 дана капсулалар, 78 000 000 дана ампулалар, 3 000 000 орау май, 12 000 000 флакон күре тамырға құю үшін пластикалық сыйымдылықтағы ерітінділер.

Аталған жоба негізгі өнім шығарудағы (G.M.P.) тиісті өндірістік тәжірибеге сәйкес негізгі өнім шығаратын өңірдің қажетті инфрақұрылымын құруға, Қазақстан Республикасының Батыс өңірінде фармацевтика және медицинаны дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.




Яндекс.Метрика