Өңірлер

Павлодар облысында моноқалаларды дамытудың 36 жобасын іске асыруға 3 млрд теңге бөлінді

Павлодар облысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мақұлданған жобалар саны жағынан республика бойынша көшбасшы өңірлер қатарында, деп баяндады облыстың кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы жетекшісі А.Бабенко өңір басшысы Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында, деп хабарлайды әкімдік.
Павлодар29 Тамыз , 11:17

Оның айтуынша, өңірде «Пайыздық үстемені субсидиялау» бағыты бойынша 2014 жылы республикалық бюджеттен 2 530,9 млн теңге бөлініп, жалпы құны 12,5 млрд теңге болатын экономиканың басым бағыттарының 59 жобасы мақұлданған. Биыл облыста моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында Ақсу мен Екібастұзда құны 3 млрд теңге болатын 36 жоба мақұлданды.

Сонымен  қатар, «Ішінара кепілдендіру» бағыты бойынша республикалық бюджеттен 70 млн теңге бөлінді. Бас-аяғы құны 242,8 млн теңге болатын 20 жоба мақұлданды.

Ал «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу» бағыты бойынша «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында биыл республикалық бюджеттен 1 731,3 млн теңге бөлінген. Бағдарламаның іске асырыла бастаған уақытынан бері Павлодар облысындағы инфрақұрылымды дамытуға 6,6 млрд теңге бөлінген. Кәсіпкерлердің 27 жобасы мақұлданған.

Қазіргі таңда алты нысан салынып пайдалануға берілді. Жеті нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.




Яндекс.Метрика