Қалаларға шоғырлану

Степногорск қаласында жыл басынан бері 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды

Степногорск қаласында моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында соңғы жылы қосымша 368 жаңа жұмыс орны ашылып, белсенді субьектілер саны 14%-ға артты, бюджетке салықтық түсімдер үштен бірге артып, 807 млн теңгені құрады. Бұл туралы қала әкімі Мұратбек Тақамбаев моноқалаларды дамыту бағдарламасының орындалу барысын бақылау мақсатында келген Ақмола облыстық мәслихат депутаттарына айтты.
Ақмола29 Тамыз , 10:01

«Ақмола Медиа Орталығының» хабарлауынша, моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында қала инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеуге айтарлықтай қаражат салынды. Осы мәселені шешудің басты индикаторы ретінде қаланың қанағаттандырарлықсыз деңгейдегі жол жағдайының 2012 жылғы 90 пайыздан биыл 50,3 пайызға дейін азаюын айта аламыз.  

Сонымен қатар, ТКШ жаңғырту-2020 республикалық бағдарламасын іске асыру аясында қалада бірнеше жыл қатарынан тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. ТКШ жаңғырту тақырыбына қатысты әңгіме барысында депутаттар қаражатты бюджетке қайтару мәселесін көтерді. Муратбек Тақамбаев осы кезде қалада арнайы мамандандырылған ұйымның құрылғанын айтты. Ол халықтан қаражат жинап, осы мәселені шешуде белсенді жұмыс істеуде. Ал несие қайтару деңгейі жоспардағы көрсеткіштің 95 пайызын құрайды.

Елдегі бірегей бастама ретінде тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын айтуға болады. Бір кездері шағын отбасылық үйлердің коммуналдық шаруашылық төлемдерін төлей алмауы себепті иелері тарапынан тасталып кеткен. Бүгінгі таңда ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында республикалық бюджет және пәтер иелері есебінен барлық коммуникацияларды қалпына келтіру бойынша толықтай жұмыстар жүргізілуде. Облыс депутаттарының айтуынша, осындай жұмыс тәжірибесі барша республикадағы мәселелерді шешуде таптырмас әдіс болып табылады.

Облыс депутаттары Степногорск қаласында жаңа Индустриялды аймақ құру бастамасына қызығушылық танытты. Қала басшысының айтуынша, бұл жобаның болашағы жарқын. Бүгінгі  таңда қаланың бірқатар кәсіпкерліктері оны іске асыруға ат салысатындарын білдіріп отыр. Атап айтар болсақ, олар «Астана-Нан» ЖШС, «Кристалл RB» ЖШС, «АИМ-Астана» ЖШС.

Өңірдің өнеркәсіптік шаруашылықтарымен танысу барысында облыс депутаттары «Ak Sy Steel» ЖШС барып, онда арматура өндірісін көзбен көрді. Сонымен қатар, «СП СКЗ «Казатомпром» ЖШС-жағы күкірт-қышқыл өндірісімен танысты. Ал «Қазақстанның жылыжай технологиясы»» ЖШС барып жылыжайдағы көкеніс шаруашылығын аралады. Кәсіпкерлік басшылары облыс депутаттарына шаруашылықтарындағы түйіткілді мәселелерді жеткізіп, жетістіктерімен бөлісті.




Яндекс.Метрика