Халықаралық интеграция

Е.Ыдырысов: Қазақстан мен Сингапур екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапары аясында Сингапурға барып, СР Премьер-Министрі Ли Сянь Лунмен, СІМ Басшысы Касивисванатан Шанмугаммен, инновациялар саласындағы жетекші сингапурлық сарапшылармен кездесіп, Ли Куан Ю атындағы әйгілі Мемлекеттік басқару мектебінде дәріс оқыды.
Әлемде29 Тамыз , 09:44

Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, Сингапур Премьер-Министрімен кездесуі барысында тараптар екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен болашағын талқылады, олар экономика, сауда, инвестициялар салаларымен қатар, мемлекеттік қызмет, электронды үкімет, білім беру, бюджеттік жоспарлау, кіші және орта бизнесті қолдау тарауларын да қамтиды. Аталған барлық салаларда толығымен қолданылмаған үлкен әлеует бар екендігі атап өтілді.

Әлеуметтік-экономикалық дамуының сәтті тәжерибесі Қазақстанда дағдыланып жатқан елдер қатарының бірі Сингапур болып табылады деп Е. Ыдырысов атап өтті: «Елімізде үкімет активтерін басқару бойынша мемлекеттік холдингінің қызметі мақұлданды». Сонымен қатар, Қазақстанның үкімет активтерін басқару бойынша «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингі құрылғанда, «Темасек» холдингінің тәжерибесі пайдаланды. Қазақстандық СІМ басшысы Сингапурды ЭКСПО-2017 іс-шарасына қатысуға және Ли Сянь Лун мырзаға Қазақстан басшылығы атынан Астанаға өзіне ыңғайлы уақытта сапар шегуге шақырды.

Сингапур Республикасы Сыртқы істер министрі, Әділет министрі Касивисванатан Шанмугаммен кездесу барысында Қазақстанда химиялық кластерді дамыту ісіндегі ынтымақтастық, білім беру және ғылым салаларында, соның ішінде кәсіби-техникалық білім беру саласындағы ықпалдастық атап өтілді.

ҚР СІМ басшысы сұхбаттасына Қазақстан Сингапурмен құқық саласында ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ, екі ел азаматтарының өзара сапарлары артып отырғандығы сөз болды. Осыған орай Сингапур тарапына барлық паспорт түрлерін иемденетін азаматтарға 30 күндік мерзімнен аспайтын сапарлар үшін визалық талаптарды жою туралы Келсімге қол қою мүмкіндігін қарастыру бойынша ұсыныс жасалды.

 




Яндекс.Метрика