Парламент

Қазақстан мен Польша сенаторлары парламентаралық ынтымақтастықтың нығаюын талқылады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары С. Дьяченко Польша Республикасы Сенаты заңшығармашылық жөніндегі комитетінің төрағасы Петр Зентарскиймен кездесті.
Нұр-Сұлтан29 Тамыз , 09:32

Мәжілістің баспасөз қызметінде хабарлағандай, мәртебелі мейман біздің елімізге Қазақстан Конституциясы күніне арналған «Қазақстан: тұрақтылық, бейбітшілік және қоғамдық келісім» халықаралық конференциясына қатысу үшін арнайы келген.

С. Дьяченко Ата Заңның айбары жайлы сөз етіп, П. Зентарский Қазақстан Конституциясына деген құрметін жеткізді.

Одан әрі тараптар заң саласындағы және парламентаралық өзара іс-қимылдың өзекті сұрақтарын талқылады.

Кездесу иелерінің атап өткеніндей, қазіргі уақытта екі ел арасындағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени, гуманитарлық байланыс жыл сайын жоғары деңгейде дамып келеді.

Қос мемлекеттің тауар айналымы 1 млрд доллардан асады.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары поляктық әріптестерін Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсене қатысуға шақырды.

Өз кезегінде П. Зентарский екі мемлекеттің барлық саладағы тамырын тереңге тартқан ынтымақтастығын сөз ете келіп, сындарлы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға қызығушылық зор екенін тілге тиек етті.

Кездесуге сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаты С. Әйімбетов, Қазақстанның Польшадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Е. Өтембаев қатысты. 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика