Халықаралық интеграция

Н. Назарбаев Түрікменстан, Македония және Тоголез елдерінің Президенттерімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Македония Республикасының Президенті Георге Иванов және Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов, Тоголез Республикасының Президенті Фор Гнассингбемен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде29 Тамыз , 09:16

 Кездесу Түркия Республикасының Президенті  Р.Ердоғанның инаугурациясы рәсімі аясында өтті.

Екі мемлекеттің басшылары сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың басымдығы бар жайттарын және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Тараптар бірқатар перспективалық бағыттардағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өтті. 

Түрікменстан елінің Президентімен кездесу барысында Екі елдің басшылары сауда-экономика, көлік-транзит және отын-энергетика салаларындағы екіжақты ықпалдастықтың негізгі бағыттарын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстанға алдағы сапарының негізгі аспектілері, Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржол желісін ашу жайында әңгіме өрбіді. 

Тоголез Республикасының Президенті Фор Гнассингбемен әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. 

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық қарым-қатынасты, сондай-ақ  қазіргі әлеуетті ескере отырып, бірқатар сала бойынша өзара ықпалдастықты да жандандыру қажеттігін атап өтті.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика