Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Астанада Конституция күніне арналған мерекелік концертке 20-дан астам ұжым қатысады

Бүгін елордалық Конгресс Холлда астаналық өнер ұжымдары мен арнайы шақырылған қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтуде.
Нұр-Сұлтан28 Тамыз , 18:31

«Біз қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткізіп отырған осы шарамызда басымдылықты жергілікті өнерпаздарға, яғни Астанадағы Мемлекеттік филармония базасындағы әртістерге беріп отырмыз. Ал арнайы шақыртылған қонақтардың ішінде Роза Рымбаеваның орны бөлек. Бағдарлама өте қызықты. Мұнда патриоттық мазмұндағы әндермен қатар халықтың жүрегінен орын тапқан барлық шығармалар орындалуда», - дейді елордалық мәдениет басқармасы директоры Болат Мажағұлов.

Шараға «Сарыарқа» халық ансамблі, «Шалқыма» би ансамблі, ағайынды Жүгінісовтер триосы, Ерлан Көкеев, Маржан Арапбаева, Роза Рымбаева мен өзгелері қатысуда.

Сонымен қатар, Мажағұловтың айтуынша, Астанада мереке қарсаңында 40 шақты шара ұйымдастырылмақ.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика