Өңірлер

Жекешелендірудің екінші толқыны ШОБ-тің дамуына серпін береді – Ибраев

Жекешелендірудің екінші толқыны шағын және орта бизнестің елде ерекше қарқын алуына жол ашады, дейді ҚР Ұлттық экономика минисрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры Қанат Ибраев Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан28 Тамыз , 16:38

«Жекешелендірудің екінші толқыны аясында қолға алынып жатқан шаралар елдегі шағын және орта кәсіпкерліктердің ерекше қарқынмен дамуына жол ашпақ. Сонымен қатар, мемлекет, ұлттық  холдингтер мен компаниялар елдегі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда қосымша қаржы көздеріне қол жеткізеді», - дейді.

Сондай-ақ, Қ.Ибраев жекешелендірудің екінші толқыны аясында жеке кәсіпкерліктерге теңдей бәсекелестік қалыптастырудың маңызына тоқталды.

«Мемлекеттер органдар қарауындағы мемлекеттік кәсіпкерліктер мемлекеттік тапсырыспен күн көреді. Бұл өз кезегінде мемлекет қарауындағы кәсіпкерліктер мен мемлекеттің қамқорлығынан тыс кәсіпкерліктер арасында белгілі бір деңгейде әділетсіздікке жол ашады. Осы түйінді тарқату кәсіпкерліктің тынысын кеңейте түсері анық», - дейді департамент директоры.

Сонымен қатар, оның айтуынша, мемлекет бәсекелестік ортадағы өзінің қатысу деңгейін азайтпақ.

«Мемелекет жекешелендіруге берілген акционерлі компания ретінде өзінің бәсекелестік ортадағы қатысуын шектейді. Жаңа акционерлер дайын бизнес алып, екінші жағынан оны жаңаша дамытуда үлкен мүмкіндіктерге ие болады», - дейді Қ.Ибраев.

Индира Қауметова

 




Яндекс.Метрика