Өңірлер

ІІМ жетекшілеріне интернет конференция барысында 60 сұрақ келіп түсті

ІІМ порталының «Жол қауіпсіздігі» подпорталында нақты уақыт режимінде Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З.Тургумбаевтың, сондай-ақ Әкімшілік полиция комитеті басшылығының қатысуымен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қамтамасыз ету тақырыбында интернет-конференция өткізілді, деп ведомствода хабарлады.
Нұр-Сұлтан28 Тамыз , 17:26

Іс-шараның негізгі мақсаты қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға, бұзақылық пен мәдениетсіздікке шыдамсыздықты қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың құқықтық танымы мен мәдениетін арттыру болып табылады.

Осылайша, бір сағаттың ішінде сайтқа 60-тан астам сұрақ келіп түсті. Қоғамдық қауіпсіздікті, оның ішінде аулалар мен саябақ қауымдастықтарында, кәмелетке толмағандар арасында, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сайт пайдаланушылары ұсақ құқық бұзушылықтар үшін ден қою шаралары мен олардың санкциялары бойынша сұрақтар қойды. Атап айтқанда, белгіленбеген орындарда қоқыс тастау, қоғамдық орындарда шылым тарту және спирттік ішімдіктер ішу, түнгі уақытта тыныштықты бұзу, үй жануарларын ұстау тәртібі және т.б.




Яндекс.Метрика