Ұлттың денсаулығы

Семейде ирландиялық демеушілердің қаражатына хоспистің құрылысы жүруде

Семей қаласында ирландиялық меценаттармен бірлесіп қолға алған хоспис құрылысы аяқталуда, деп хабарлайды ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сергей Попов.
Шығыс Қазақстан28 Тамыз , 19:14

«Құрылысты тәмамдау үшін бізге шамамен 30 млн теңге қаражат керек. Мәселе «Парыз» қоры арқылы шешімін табуда. Үш қабатты ғимарат салынып, ішкі жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш ғимарат 50 адамға арналып, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын болады. Өскеменде, өкінішке қарай, мұндай құрылысы жоқ. Алайда жоспар бойынша, жыл соңына дейін қолға алмақпыз», - дейді ол.

ШҚО қауымдастық кеңесінің денсаулық сақтау бойынша сараптамалық жұмыс тобы отырысында Дания үлгісіндегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясындағы хоспис ұйымдастыру мүмкіндіктері талқыланды.

«Данияда 14 хоспис бар. Бір хоспистегі орын сан 12-20 аралығында. Олардың барлығы коммерциялық емес жеке меншік мекемелер және өңірлік билік тарапынан қамтамасыз етіледі», - дейді қауымдастық кеңесінің денсаулық сақтау бойынша сараптамалық жұмыс тобы төрайымы Татьяна Чернышова.




Яндекс.Метрика