Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Қазақстан Үкіметі 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мақұлдады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде (№ 37 хаттама) 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мақұлданды.
Нұр-Сұлтан28 Тамыз , 15:16

«Елдің 2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеген кезде экономика салаларының 2014 жылдың бірінші жартыжылдығындағы даму қорытындылары, мемлекеттік органдардың 2015 – 2019 жылдарға арналған өндірістің негізгі өнім түрлерінен күтілетін көлемдер бойынша деректері және әлемдiк экономиканың өсуi мен негізгі экспорт тауарларына әлемдік бағалар бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдары ескерілді», - деп ҰЭМ хабарлады.

ЖІӨ-нің нақты өсуi 2015 жылы 5,0%-ды, ал 2016 жылы 5,6%-ды, 2017 жылы 6,8%-ды, 2018 жылы 5,8%-ды және 2019 жылы 6,5%-ды деңгейде болады деп күтіліп отыр.

Номиналды ЖІӨ 2015 жылы 45 трлн. теңгеден 2019 жылы 72,8 трлн. теңгеге дейін өседі деп болжануда. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2015 жылы 13,9 мыңнан аса АҚШ долларын құрайды және 2019 жылға қарай 21,4 мың АҚШ долларына дейін өседі.

Ұлттық Банк инфляция деңгейін  кейін орта мерзімді кезеңде 5-7% денгейіне дейін төмендеуімен 6,0-8,0% шегінде жоспарлап отыр.

Макроэкономикалық болжам мен экономикалық саясат басымдықтарының негізінде 2015-2017 жылдарға арналған бюджет параметрлері әзірленді.

ЖІӨ-нің болжанып отырған өсуі мен импорттың көлемін ескере отырып, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) 2015 жылы 4 338,4 млрд. теңге, 2016 жылы 4 753,5 млрд. теңге, 2017 жылы    5 147,7 млрд. теңге деңгейінде болжанады.
 




Яндекс.Метрика