ҚР ИИДМБ

Ақмола облысында автоклавты газды бетон өндірісі бойынша зауыт іске қосылады

Ертең Целиноград ауданының Ақмол ауылында қуаттылығы 60 000 текше метрге жететін автоклавты газды бетон өндірісі бойынша зауыттың салтанатты ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола28 Тамыз , 18:46

Жоба Ақмола облысы бойынша Индустрияландыру картасына енгізілген. Оның құны 226 млн теңге және 75 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қызметті пайдаланушылардың мақсатты бөлігі Астана және Ақмола облысының құрылыс ұйымдары.  Болашақта EXPO-2017 нысандарының құрылысында дайын өнім пайдалану көзделуде.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысы бойынша Индустрияландыру картасына 63 жоба енгізілген. Олардың жалпы құны 717 млрд теңге  және 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Қазіргі таңда 44 жоба пайдалануға беріліп, 4,7 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.




Яндекс.Метрика