Білім беру

Атырауда 280 орындық балабақша ашылды

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Көкарна селосында пайдалануға берілген 280 орындық «Ақ сұңқар» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Атырау28 Тамыз , 19:46

«Биыл 12 бүлдіршіндер отауы пайдалануға берілмек, келесі жылы 15 балабақша салынбақшы. Соның өзінде де сәбилерді толық қамти алмаймыз. Өйткені, қазір облыста 18 мың сәби балабақша кезегінде тұр. Сондықтан, бұл жұмыстар жалғаса береді, - деді аймақ басшысы. 

Балабақша қазіргі заманауи  талаптарға сай жабдықталған,  жас жеткіншектердің  жеке тұлға ретінде қалыптасуына, рухани-танымдық тұрғыдан тәрбие мен білім алуына толық жағдай жасалған. 




Яндекс.Метрика