Білім беру

Атырау маңындағы ауылда 300 орындық мектеп ашылды

Атырауда Құрсай ауылында жарты ғасырлық тарихы бар Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 300 орындық жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
Атырау28 Тамыз , 16:21

«Елбасының тікелей тапсырмасымен елімізде ең алдымен халықтың денсаулығы, содан кейін өскелең ұрпақтың білім алуына көңіл бөлінуде. Облыста көптеген балабақшалар, мектептер пайдалануға берілуде. Екеуі таяу күндері қатарға қосылады. Ал, алтауының құрылысын жыл аяғына дейін аяқтаймыз.Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде оқушылар үш тілді еркін меңгеруі тиіс. Жаңа мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушыларға, ұстаздар мен ата-аналарға бұл мәселеге баса көңіл бөлуді тапсырамын», - деді аймақ басшысы.

Мектеп кабинеттерінің барлығы дерлік заманауи құрал-жабдықтармен, жиһаздармен жабдықталған. Мультимедиялық, лингафондық, компьютерлік сыныптар, химия-биология, физика пәндері зертханалары үшін жаңа құрылғылар алынған.

Мектептің көне ғимаратында акт, спорт залдары, асхана және еңбекке баулу сабағы үшін шеберханалар болмаған еді. Ал, жаңа ғимаратта оқушылардың әр пән бойынша практикалық, теориялық білім алуына бар жағдай жасалған. Акт залының сахнасында күмбірлеген күй ойналып, спорт залында оқушылар жаттығып жатты.

 




Яндекс.Метрика