Қалаларға шоғырлану

Атырауда 744 тұрғын үй жылу маусымына дайын – әкімдік

Атырауда 932 көппәтерлі тұрғын үйдің 744-і жылу маусымына дайын.
Атырау28 Тамыз , 16:08

Әкімдікте хабарлағандай, аталмыш үйлердің жылу жүйесі барлық  дайындықтан өтіп, жылу қабылдауға дайын. Қалалық ТКШ бөлімінің жетекшісі  Серікбай  Қазиев  жылу маусымына дайындық мамырдың  соңынан басталатынын айтты. Жеке пәтер иелерінің кооперативі  жаз бойы үйлерді жылу қабылдауға дайындады.

Қазіргі таңда 12 көппәтерлі үйдің қоймасын су басқан. Бөлім қызметкерлері  үйлерді ПИК қатарына қосу үшін белсенді жұмыс істеуде.

«Көпқабатты үйлердің жылу жүйесін жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. 1 қазанға қарсы бұл жұмыстарды бітіріп, ауа райына сәйкес жылу беру қарастырылуда», - деп мәлімдеді коммуналды қызметкер.

 




Яндекс.Метрика