Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан Конституциясы азаматтардың талаптары мен қажеттіліктеріне сенімді жауап береді

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың талаптары мен қажеттіліктеріне сенімді жауап береді, деп хабарлады заң ғылымдарының доктары, Астана қаласы қорғаушылар коллегиясының қорғашысы Бақтияр Бөлеулиев.
Нұр-Сұлтан28 Тамыз , 13:55

«Келесі жылы біз мерейтойлық датаны атап өтетін боламыз.  Тарих үшін бұл қас қағым сәт, ал біздің қоғам үшін бүтін бір дәуір. Бұл қадам мемлекеттің, саяси жүйенің, азаматтық қоғамның тұрақтылығын тағы бір дәлелдей түседі», - деді Б. Бөлеулиев.

Оның пайымынша,  бұл азаматтардың, қоғамның, мемлекет мүддесінің үндесуі болып табылады.

«Мемлекет басшысы жасақтауға өзі атсалысқан Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың талаптары мен қажеттіліктеріне сенімді жауап береді», -  деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 жыл толады. Дәл осы күні 1995 жылы Қазақстан өзінің тарихи таңдауын жасаған болатын. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика