ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қостанай облысында мектепке дейінгі білім берудің 640 мекемесі бар

2014 жылы Қостанай облысындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 5-ке артып, 640-қа жетті. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы жетекшісі А.Түртқараева тамыз жиынында айтты.
Қостанай28 Тамыз , 15:32

Оның айтуынша, 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамту деңгейі 90,6%, ал 3-6 жас аралығындағыларда тиісінше 99,5% құрайды. Ата-аналарға мектепке дейінгі білім беру жанындағы үйге келіп қызмет ету мәселесінде керекті қызмет ету үшін 81 кеңес беру пункті ашылып қызмет етуде.

Биыл Әулиекөл ауылында мемлекеттік тілде сабақ беретін 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Қостанай қаласы мен Перцевка ауылдарында 500 және 150 орындық мектеп құрылысы қолға алынды.

«Оқыту жұмыстарының сапасын арттыру ақпараттық ресурстар мен компьютерлік технологияларды сабақ беру мен оқыту-тәрбиелеу процестерін басқаруда кеңінен қолдану есебінен жүргізілуде. 2013 жылы Қостанай облысында ақпараттандырудың жаңа кезеңі – электронды «e-learning» оқыту жүйесі іске қосылды», - дейді.

Сонымен қатар, облыстағы 94 мектепте инклюзивті білім беру шарттары құрылды. Оның қазіргі таңдағы пайыздық көрсеткіші 17%. Соңғы 3 жылда үйде білім алатын мүгедек балаларға республикалық бюджет есебінен 114 млн теңгеге 199 құрылғы кешені алынды.

Ал мүмкіндігі шектеулі 705 бала 11 психологиялық-педагогикалық кабинеттерде түзету көмектерін алады. Кабинеттер ауылдық округ әкімдіктерімен байланыс құрып, білім беру қызметкерлері мен денсаулық сақтау саласы мамандарымен ынтымақтаса жұмыс істеуде.




Яндекс.Метрика