Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Алматыда Конституция күніне орай елдің Туы мен Елтаңбасын көтерген мерекелік шеру өтеді

Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің еліміздің негізгі заңы болып табылады, 30 тамыз күні Алматыда мерекелік шаралар өтеді, деп қала әкімдігінде хабарлады.
Алматы қаласы28 Тамыз , 14:54

«Бұл күні, құрметті қарауыл – ҚР «Ұлан» мемлекеттік қорғау қызметінің ту ұстаушы тобы ҚР Мемлекеттік Туын алып шығады және бұл мерекелік бағдарламаның басталуын білдіреді», - делінген хабарламада.   

Елдің Туы мен Елтаңбасын көтерген мерекелік шеруге қатысушылардың қатарында Әскери оркестрдің барабаншылары, Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтының курсанттары, «Арыстан» әскери арнайы әскери лицейінің курсанттары бар. 

Концерттік бағдарлама мазмұнды әрі қызықты. Екі сағатқа жуық сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Ресейден - Санкт-Петербург  қаласынан келген мүйіз аспаптар оркестрі өнер көрсетеді, олар мерекенің шырайын келтіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Сондай-ақ, 31 тамыз күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Ресей Мүйіз аспаптар оркестрінің концерті болады, бағдарламада Бахтың, Моцарттың, Рахманиновтың және т.б. танымал классикалық шығармалары орындалады.  

 




Яндекс.Метрика