Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбе облысында түлектер мен жұмыс берушілердің бірыңғай базалық порталы ашылады

Ақтөбе политехникалық колледжі ТКББ мен жұмыс берушілерге арналған портал құруды қолға алды.
Ақтөбе28 Тамыз , 14:47

ҚР ҰКП ресми порталының хабарлауынша, жобаның басты мақсаты түлектер мен жұмыс берушілердің ортақ базасын құрып, жаңа оқыту құралдарын енгізу есебінен білім беру қызметтеріне деген бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

«Порталдың дайындалуы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына тиісті электронды ресурсты көшіріп алу немесе қарау мүмкіндігін беретін бірыңғай электронды кітапхана ашуға жол ашады. Электронды кітапханаға сандық электронды кітаптар, электронды оқулықтар, электронды плакаттар, бейнесабақтар, электронды дайындық құралдары мен өзге де қажетті дүниелер жүктеледі. Сонымен қатар, порталда түрлі мамандықтар бойынша электронды курстар мен материалдар, алдыңғы қатарлы ұстаздар мен шеберлердің дәрістері орналастырылады. Және де салалық үздік мамандардың онлайн дәрістерін өткізіп, онлайн конференция ұйымдастыруға жағдай жасалмақ», - дейді колледж директорының орынбасары Асылжан Құлжанов.  

Сонымен қатар, колледж жанынан үздік ЖОО лекторларын тарта отырып өндірістік оқыту шеберліктері мен оқытушыларға арналған біліктілік көтерудің қашықтықты курстары ұйымдастырылады. Тағы бір артықшылық ретінде облыс кәсіпкерліктері, ондағы шығарылатын өнім мен бос жұмыс орындары туралы ақпарат қолжетімділігін атап өтуге болады.

Айта кетерлігі, жоба ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолдауымен іске асырылуда.




Яндекс.Метрика