Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Астананың этномәдени бірлестіктері Конституция күніне орай қарияларға қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Конституция күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік және келісім жол картасы» мега жобасы аясында қарттар мен мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемесінде «Үлкенге - құрмет, Ата заңдағы міндет» қайырымдылық акциясы өтті.
Нұр-Сұлтан28 Тамыз , 12:11

Қазақстан Республикасының бас заңында - Конституциясында еліміздің азаматтары тарихи және мәдени құндылықтардың сақталуына қамқор болуға міндетті деп айтылған. Үлкенге құрмет көрсету қазақ халқы мәдениетінің дәстүрі болып табылады. Осы ретте Астананың этномәдени бірлестіктері Конституция күніне орай қариялар үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

«Бүгінгі игі шара «Бейбітшілік және келісім жол картасы» мега жобасы  аясында өткізіліп отыр, оған өзбек, ұйғыр, ноғай этномәдени бірлестігі мен казактардың дала өлкесі одағы атсалысуда. Жалпы, шара аясында ұлттық тағамдардың көрмесі, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін бағалайтын байқаулар өткізу және сыйлықтарды тарту көзделген. Менің ойымша мұндай акциялар жастарды қарияларға қомқорлықпен қарауға, оларға құрмет көрсетуге итермелейтін болады», - деді «Оберег» украиндықтардың қоғамдық бірлестігініңтөрағасы  Тамара Ширмер.

Айта кетерлік жайт, шара шеңберінде ҚХА елордалық бірлестіктері ұжымдарының атсалысуымен салтанатты кеш өткізу жоспарланған, онда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары құттықтау сөздерін сөйлеп, сыйлықтар тарту етеді.

Жалпы, шараны ұйымдастырушылар өзбек, ұйғыр, ноғай этномәдени бірлестігі мен Казактардың дала өлкесі одағы мен астаналық  әкімдік.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика